Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда заңсыз орнатылған дүңгіршектер алынуда

0 580
Тараз қаласы әкімінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы «Жұмыс тобын құру бойынша» №4-ө өкіміне сәйкес, шаһар аумағында заңсыз орналасқан дүңгіршіктерді алып тастау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын.
Нәтижесінде аумақтық округтерде заңсыз қойылған дүңгіршектер алынуда.
Атап айтқанда, осы айда №15 ықшамаудандағы, №4 үйге қарама-қарсы орналасқан жеміс-жидек дүңгіршегі өз жер телімінің аумағына ауыстырылды. Сонымен қатар “Қайқармет” базарының алдындағы дүңгіршектің иесіне сауда нысанын өз еркімен алып тастау туралы хабарлама берілді.
Айта кетейік, 2023 жылы қала аумағында жалпы 20 заңсыз дүңгіршек жойылса, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бері 37 дүңгіршек алынды.
Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.