Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда заңсыз қойылған дүңгіршектер алынуда

0 915

Тараз қаласы әкімінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы «Жұмыс тобын құру бойынша» №4-ө өкіміне сәйкес, шаһар аумағында заңсыз орналасқан дүңгіршіктерді алып тастау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын.

Соған орай Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары шаһар аумағындағы заңсыз орналасқан дүңгіршектер бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу нәтижесінде қала аумағында орналасқан 10 заңсыз дүңгіршектің иелеріне түсіндірме жұмыстары жасалып, дүңгіршектерді алдыру бойынша тиісті шаралар атқарылды. Нәтижесінде 10 заңсыз дүңгіршек алынды.

Сонымен қатар, мамандар азаматтарға заңсыз орналасқан нысандар анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік кодексі бойынша айыппұл салынатынын ескертті.

Айта кетейік, 2023 жылы қала аумағында жалпы 20 заңсыз дүңгіршек алынған.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.