Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда тал балақтау жұмыстары жүруде

0 127

Тазалық – мәдениеттің көрінісі, тәртіптің бастауы. Әсіресе, туристік аймаққа айналуды көздеген Тараз қаласында тазалық мәселесіне айрықша мән беріліп келеді. Бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар – сөзіміздің жарқын дәлелі. Соның ішінде талдарды балақтау жұмыстарын ерекше атап өткеніміз абзал.

Әрине, күтімсіз, бей-берекет өскен тал-дарақтардың шаһардың шырайын қашырып, көркін бұзатыны сөзсіз. Оның үстіне тұрғындарға да қолайсыздық тудырады. Сондықтан оларды уақытында балақтап тұру маңызды дүние. Бұл тұрғыда облыс орталығында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің ағаш кесу учаскесінде 3 дана автокөтергіш, 3 дана МТЗ – 80 трактор жәнеонға жуық жұмысшы еңбек етуде. Олар қала  тұрғындарынан түскен арыз-шағымдар бойынша тиісті жұмыстар атқаруда.

Мәселен, 2023 жылы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне  тал кесу мен балақтауға 757 арыз түскен. «Жасыл ел-Тараз» мекемесі арнайы кесте бойынша, 517-і арызды орындаған.Сондай-ақ, жасылелдіктер қала ішінде жоспардан тыс 1000-1500 талға дейін бұталайды.  Бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасын табуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.