Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда «Омар ата» базарынан шыққан өрттің себебі анықталды

0 211

Таразда Мәмбет батыр көшесінің бойында «Омар ата» базарының аумағында 350 шаршы метр алаңда қойма үй-жайынан сағат 10:05-те өрт шықты.

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамның 40-қа жуық адамы және техникасының 13 бірлігі жұмылдырылды.

ТЖД қызметкерлерінің мәліметінше, өрт 2 сағаттан кейін сөндірілді.

«12:46-да өрт сөндірілді. Өрттің ауданы – 350 шаршы метр. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы», – делінген облыстық ТЖД берген жауапта.

massaget.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.