Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда оқушыларды ҰБТ-ға дайындайтын мектеп ашылды

0 550

Бүгін Тараз қаласында «125 UBT School» мектебі ашылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Салтанатты рәсімге мектеп басшылығы, мұғалімдері мен  оқушылар, сонымен қатар елге танымалы өнер майталмандары да қатысты.

Білім ордасының ерекшелігі оқушыларды тек ҰБТ-ға ғана емес Назарбаев зияткерлік мектебіне түсу үшін де дайындайды.

Жалпы, бұл оқу ошағы қазірге дейін 300-ге жуық оқушы қабылдап үлгерген.  Қатал тәртіп пен білікті мамандардың бірлескен жұмысының нәтижесінде түрлі білім беру нысандарымен салыстырғанда ҰБТ көрсеткіші бойынша 97,1 пайызды құрап, Жамбыл облысында бірінші орынға тұрақтаған.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында «125 UBT School» оқу орталығының негізін қалаған Есен Әлібектің қолдауымен ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлектер үшін 1 миллион теңге сыйақы мөлшері де қарастырылған.

– «125 UBT School» -дың ең алғашқы қадамы 2011 жылы басталған. Содан бері арада өткен 10 жыл уақыттың ішінде еліміздің 6 ірі қаласында мектептің негізі қаланған. Қазіргі таңда орталықтан білім алған шәкірттеріміз әлемнің сан түрлі университет, оқу ордаларында өз білімдерін шыңдап жүр, – дейді орталықтың екінші филиалының директоры Мағжан Қанатбекұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.