Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық диқандар қамбаны астыққа толтыруда

0 248

Аудан бойынша 2021 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарлы егіс көлемі 56 592 гектарды құрап отыр, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде, 4 300 га күздік бидай, 13 700 га жаздық арпа, 1 800 га дәндік жүгері, 2 938 га майлы дақылдар, 680 га қант қызылшасы, 580 га картоп, 8 800 га көкөніс, 740 га бақша, 25 072 га көпжылдық шөп.
Күздік бидай 202 гектарға, жаздық арпа 975 га, майлы дақылдар 338 га, қант қызылшасы 280 га, көкөніс 700 га, мал азығы 421 га жоспардан артық себілді.
Бүгінгі күнге 5 152 тонна бидай, 17 146 тонна жаздық арпа және 158 068 тонна мал азығы жиналды. Әр гектардан түсім күздік бидай бойынша 11,9 центнерді, жаздық арпа 13 центнерді және мал азығы 33,8 центнерді құрады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.