Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда қоғамдық көліктердің жүру сызбасына уақытша өзгерту енгізіледі

0 579
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
«Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов көшелерінде М-1 жылу желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізіледі. Соған сәйкес, барлық көлік қозғалысына тыйым салынатын Төле би даңғылы бойымен (Жамбыл даңғылынан Қолбасшы Қойгелді көшесі аралығы «Диагностикалық орталық аялдамасы») қатынайтын 13 қоғамдық көлік бағытының жүру сызбасына уақытша өзгерту енгізіледі.
№7 маршрут – Сүлейменов көшесінен, Қолбасшы Қойгелді, Ниетқалиев көшелері арқылы әрі қарай өз бағыты бойынша қатынайды (қайтарда осы бағытпен);
№8 маршрут – Қазыбек би көшесімен тікелей Жамбыл даңғылы арқылы әрі қарай өз бағыты бойынша қатынайды (қайтарда осы бағытпен);
№17 маршрут – Төле би даңғылынан Қолбасшы Қойгелді көшесіне оңға бұрылып, Қазыбек би көшесі арқылы Жамбыл даңғылына әрі қарай өз бағыты бойынша (қайтарда осы бағытпен);
№9, 12, 16, 19, 28, 32, 38, 40, 46, 55 бағыттар шағын аудандарға қарай Қазыбек би көшесінен оңға Қолбасшы Қойгелді көшесіне, солға Ниетқалиев көшесімен Жамбыл даңғылы арқылы Төле би даңғылына әрі қарай өз бағыттары бойынша қатынайды (қайтарда осы бағытпен).
ЕСКЕРТУ: Жол жабылуына байланысты «Диагностикалық орталық» аялдамасынан жолаушылардың мініп-түсуі тоқтатылады. Осыған орай, құрметті жолаушылар мен қала қонақтары, уақытша туындайтын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.