Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда бір күнде 4 500 текше метр қар шығарылды

0 1  239

Қыс мезгілінің алғашқы айы сақырлаған сары аязы мен қалың қарды қатар ала келді. Ауа температурасының төмендеуі тұрғындарды біраз әбігерге салуда. Әсіресе, екі күннен бері тоқтаусыз жауған қар көлік қозғалысына едәуір кедергі келтіруде.

Айталық, Тараз қаласына күніне орта есеппен 12 мм қар түскен. Соған орай шаһарда қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда шаһар көшелеріндегі қарды күреуге және тұз аралас құм шашу жұмыстарына серіктестік 50-ге жуық техниканы жұмылдыруда. Нақтырақ тоқталсақ, 23 бірлік қар күрейтін, 7 бірлік жаяу жүргіншілер жолын тазалайтын (тротуар) МК-320, 2 бірлік жаяу жүргіншілер жолын тазалайтын (тротуар) МТЗ-82, 3 бірлік құм, қар тиегіш, келісім-шарт бойынша жалға алынған 1 бірлік құм, қар тиегіш, 1 бірлік Зил-130 аударғыш (самосвал), 2 бірлік Газ-53 аударғыш (самосвал) 4 бірлік МТЗ-82 тіркемесімен бар, 5 бірлік КАМАЗ және 2 бірлік автогрейдер техникалары қызмет көрсетуде.

Осы жұмыстардың нәтижесінде Таразда бір күнде 4 500 текше метр қар тиісті орынға шығарылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.