Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда қар тазалау жұмыстары қарқын алды

0 1  096

Таразда кешелі бері ақ ұлпа қар жауып жатыр. Соған орай шаһарда қар тазалау жұмыстары қарқын алды.
Бүгінгі таңда қала қарын күреуге 192 жұмысшы мен 47 техника жұмылдырылған.
Атап айтқанда, Абай, Көшеней, Сүлейменов, Жамбыл даңғылы, Тәуке хан, Төле би көшелері мен әуежай аймағы, парктер мен скверлер, сондай-ақ басқа да көшелер мен аялдамалардағы қар тазаланып, жолдар аршылды.
Осылайша кешеден бері шаһар аумағынан 500 текше метрден аса қар шығарылды. Күрелген қар тасымалдаушы техникалар көмегімен арнайы орынға төгілуде.
Мамандар қалада қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы кезекпен атқарады.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.