Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда алғаш рет «КazAgroZhambyl-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі өтеді

0 1  024

Ағымдағы жылдың 19-21 наурызы аралығында Тараз қаласында алғаш рет «Kazagrozhambyl-2024» Халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі өтеді.

Шара аясында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) ауыл шаруашылығы министрлерінің 3-ші кеңесі ұйымдастырылады.

Форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері, ТМҰ Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және т. б. елдердің компанияларының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Жиын қорытындысына сәйкес, стратегиялық келісімдер қабылданады. Форум-көрмеге 70-тен астам компания қатысатыны расталды.

Форум барысында халықаралық және отандық сарапшылар, мамандар ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңашылдықтар мен инновацияларды, тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, жылыжай бизнесі және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері талқыланады.

Делегация басшыларының қатысуымен ECOSA тұқым шаруашылығындағы 8-ші Конгресі өтеді. Жоспарланған B2B кездесулерінің нәтижесінде бірқарат келісімшарттарға қол қойылады деп көзделуде.

Айта кетейік, форумның Тараз қаласында өтуінің де маңызы зор. Тараз – Ұлы Жібек жолындағы негізгі қалалардың әрі елімізді ең көне шаһарлардың алдыңғы қатарында. Сондай-ақ, Түркі әлемінің орталықтарының бірі.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы – ауыл шаруашылығының жетекші салаларын дамытуға аса ыңғайлы өңір. Облыс шаруалары еліміздегі пияздың үштен екі бөлігін және сарымсақтың 50 пайызын өсіреді. Бұдан бөлек, облыс ұсақ мал басы бойынша республикада екінші орында.

Респблика бойынша фосфориттерінің баланстық қорларының 72 пайызы Жамбыл облысының жер қойнауында шоғырланған. Бұл ТМД аумағындағы ең ірі қорлар және әлемдік ауқымда да маңызды болып табылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.