Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз аспанын ретро әндер тербеді

0 241

Әуені мен әні, мәтіні мен мәні үйлескен ретро әндердің орны қашанда бөлек. Өткен ғасырдың 70-80 жылдардағы буынның жастық жалыны мен жігерінен хабар беріп, бүгінгі күнге дейін желісі үзілмей жеткен лирикалық әуендер әлі күнге жұрт жадынан өшкен жоқ. Керісінше заман көші алға жылжыған сайын уақытпен бірге түрленіп, жаңа қырынан шырқалуда.
Бүгінгі күні естен кетпес ескі әндерге деген сұраныс әлі де жоғары. Соның жарқын мысалы – бүгін Қайрат Рысқұлбеков саябағында өткен «Біз сағынған әндер» атты ретро концерті.
Шараны Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков те көпшіліктен бірге тамашалады.
Ретро әндердің сұлу сазына елтіген жұртшылық ыстық ықыласпен өнерпаздарға қошемет көрсетті. Концертке келген қала тұрғындары әсем әуен ырғағында көңілді думанның атмосферасына бөленіп, ерекше әсермен тарқасты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кештер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.