Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков облыстық мәслихаттың депутаттарымен кездесті

0 415

Басқосу барысында Тараз қаласында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Айталық, депутаттар Жамбыл облысында экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылу барысы, жер үсті және жер асты су көздерінің ластану деңгейі, ағынды суларды тазарту және пайдалану, өнеркәсіптік және тұрмыстық қатты қалдықтардан арылту жұмыстарының жағдайы сынды мәселелерді көтерді.

Шаһар басшысы өз кезегінде сауалдарға тұщымды жауап беріп, қолға алынған ілкімді істерді тілге тиек етті.
– Қалада жасалатын жұмыс өте ауқымды. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Мәселені ашық айтудан қашпаймыз. Дегенмен, қаланың бюджеті арқылы кейбір дүниелерге шама келмейді. Сондықтан облыстық бюждет есебінен қолға алатын ауқымды жұмыстар бар. Осы тұрғыдан алғанда бізге үлкен қолдау білдіресіздер деп ойлаймын, – деген Бақытжан Әмірбекұлы алдағы атқарылатын жұмыстар халық қалаулыларымен тізе қоса отырып өз жалғасын табатынын жеткізді.

Жиында бұдан бөлек, тұрғын үйлерді жаңғырту, қоқыс полигондарының жай-күйі, тал кесу, арық тазалау, кәріз тазалау кешенін салу сынды мәселелер де назардан тыс қалмады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.