Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласының аумағында «Борышкер-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

0 359

Жамбыл облысы Полиция Департаментінің бастығының бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 28-31 наурыз аралығында Тараз қаласының аумағында «Борышкер-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
«Борышкер-2023» іс-шарасының мақсаты құқық бұзушыларға қатысты салынған аыппұлдарды барынша өндіру, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттілігі туралы халықты хабардар ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әкімшілік айыппұлдарды жеті тәулік ішінде төлесе , онда көрсетілген сомманың елу пайыз мөлшерін ғана төлейді. Көлік жолындағы рейдтік іс-шаралар кезінде патрульдік полиция қызметкерлері тиісті мәліметтер базасы бойынша автокөліктердің нөмірлеріне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізеді. Егер жүргізуші борышкерлер тізімінен табылса, көлік құралы қарызды өтегенге дейін айыппұл тұрағына қойылады. Сондай-ақ, Тараз қаласы Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі өз айыппұлдарын келесі тәсілдермен тексеруге және төлеуге болатындығын хабарлайды: онлайн режимінде «Egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильді қосымшалардағы qamqor.gov.kz., Kaspi.kz, Egov.kz. интернет-сайттары арқылы онлайн төлем жасауға болады.

Дереккөз: Тараз қ. ПБ , Тараз қ. 1-ПБ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.