10 маусым күні
Тараз қаласының аумағында терроризмге қарсы
Жамбыл облыстық жедел штабымен «Март-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористтік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы Жамбыл облыстық жедел штабы