Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

0 342

ШЕШІМ                                                                    Тараз қаласы                                                     2024 жылғы 15 наурыздағы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» №117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. «Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы №58-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4636 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тараз қалалық мәслихатының төрағасы К. Олжабай

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 19.03.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 5174-08 болып енгізілді

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.