Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №7-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

0 350

Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тараз қалалық мәслихатының «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №7-6 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5082 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2 тармағы 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».
қазақ тілінде 5 тармақтың мәтінінде «Азаматтардың мұқтаждар санаттарына» деген сөздері алып тасталсын, ал орыс тілінде мәтіні өзгермейді.
9 тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінен кем емес;».
9 тармақтың жиырма бесінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінен кем емес;».
9 тармақтың отыз тоғызыншы абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінен кем емес.».
10 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«10. Әлеуметтік көмек жылына бір рет өтініштері бойынша:
Азаматқа (отбасына) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан не оның мүлкіне нұқсан келтіруге байланысты әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 20 (жиырма еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіштен көп емес арнайы комиссия қорытындысы негізінде.
Әлеуметтік көмекке жүгіну табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан туындаған сәттен бастап 6 (алты) ай мерзімде жүргізіледі.
қатерлі ісік ауруымен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 3 (үш еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда, жылына бір рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, босатылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде, табысы 3 (үш еселенген) күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
өмірлік қиын жағдай туындаған тұлғаларға, жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтындарға табысы 1 (бір еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, еңбек ардагерлеріне, жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында санаторийлік-курорттық емделуге арналған шығындарды өтеу үшін жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 (үш еселенген) деңгейінен аспайтын, санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, жылына бір рет, жол шығыны төлемінсіз 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілеріне немесе күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушыларға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда), жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 (үш еселенген) деңгейінен аспайтын жағдайда, жол шығыны төлемінсіз, санаторийлік-курорттық емдеу шығындарының орнын толтыру кепілдік берілген соманың 70% (жетпіс пайызы) мөлшерінде өтейді.
Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші растайтын құжаттарымен уәкілетті органға жүгінеді. Біржолғы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі, санаторийлік-курорттық емделудің аяқталған күнінен 3 (үш) айдан кешіктірілмей.
тұрғын үйді газдандыруға бір рет әлеуметтік көмек:
жалғызілікті жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын, жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын отбасының жан басына шаққандағы табысы 3 (үш еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспағанда, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда.
Әлеуметтік көмектің көлемі бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығындарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт, көрсетілген қызмет актісі, газдандыру бойынша шығын сметасы) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі.
Біржолғы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі газдандыру бойынша жұмыстары аяқталған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей.
Ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы 5 (бес еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның вирустық иммун тапшылығын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың немесе АИТВ-мен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы 5 (бес еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
нашар көретін екінші топ мүгедектігі бар адамдарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар балалар, интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және (немесе) білім алатын мүгедектігі бар балалар, білім беру кезеңінде кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында жатқан балаларға білім алу кезеңінде қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге төлем бойынша шығындарын өтеуге отбасының жан басына шаққандағы табысы 3 (үш еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
14 тармақтан «Аумақтық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттарымен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.» деген сөздер алынып тасталсын.
19 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – КММ) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар негізінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі немесе көрсетуден бас тарту туралы арнайы комиссияның шешімдерін қабылдайды.
Осы Үлгілік қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмекті төлейді.».
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тараз қалалық мәслихатының төрағасы К. Олжабай

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 11.09.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 5231-08 болып енгізілді

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.