Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дала жұмыстары жүргізіледі

0 264

Қазақстан Республикасы Стратегия- лық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы БҰҰ ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігімен ынтымақтастықта 2023-2025 жылдарға арналған «Мультииндикаторлық клас- терлік зерттеу-2024» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бұл зерттеудің мақсаты – сенімді деректер мен талдау арқылы балалар құқықтарының қорғалуын мониторингілеу бойынша Қазақстанның мүмкіншілігін кеңейту. Аталған жобаны іске асыру балалар мен әйелдердің хал-ахуалы деңгейін анықтауға, сондай-ақ ұлттық даму бағдарламалары мен жоспарларының тиімді жүзеге асырудағы прогресті тексеруге мүмкіндік береді.
«МИКС-2024» зерттеуі Жамбыл облысы бойынша 40 кластерде жүргізіледі. Кластерлердегі үй шаруашылықтары кездейсоқ іріктеу әдісімен таңдалған. Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегі мен 29 қарашасы аралығында «МИКС-2024» сауалнамасының деректерін жинау бойынша дала жұмыстары жүргізіледі.
Жоғарыда аталған жұмыстарды «МИКС-2024» зерттеуін жүргізу кезінде интервьюер ретінде жұмыс істейтін, Жамбыл облысы статистика департаментінің арнайы дайындалған қызметкерлері жүзеге асырады.
Интервьюерлер Ұлттық статистика бюросының, ЮНИСЕФ, Азия Даму Банкінің және БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қорының логотиптері бар ерекше формалар мен бейдждерді киеді. Әрбір бейджде зерттеу барысы туралы сенімді ақпарат алуға болатын ресми веб-сайтқа QR-сілтеме орналастырылады.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.