Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразға Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы келді

0 217

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аймағымызға келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровты әуежайдан күтіп алды.

Бүгін облыста өтіп жатқан Қазақ-Қырғыз I Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі елдің Үкімет басшылары суды пайдалану, энергетика, сауда, өндірістік кооперация, транзит және көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.