Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразға тағы 5 жаңа автобус жеткізілді

0 264

Тараз қаласының аумағы кеңейіп, халық саны өсіп келеді. Шаһарда халық санының артуына байланысты қоғамдық көлікке де сұраныс жиіледі.
Қаладағы ескі қоғамдық көліктерді жаңалап, жаңа маршруттарды іске қосу туралы қаланы дамытудың 3 жылдық жоспарында баса айтылған. Бүгін аталмыш жоспар негізінде облыс орталығына 5 жаңа автобус жеткізілді.

Жаңа автобустар «Қытай Халық Республикасында шығарылған. «ТаразТрансМоторс» ЖШС тарапынан жеткізілген 5 жаңа автобус №16 және №27 маршруттарға беріледі.
Айта кететін жағдай, жуырда серіктестік 12 бірлік “KING LONG” маркалы жаңа автобус әкелген болатын, ол автобустар да аталған маршруттарда қызмет көрсетуде.
Жалпы №27 маршрут бойынша 14 бірлік автобустың 10 бірлігі, №16 маршрут бойынша 12 бірлік автобустың 7 бірлігі жаңа автобустарға алмастырылуда. Жүру жиіліктері бойынша №16 маршрут 10 минуттан, №27 маршрут 12 минуттан қатынайтын болады.
Қазіргі таңда Тараз қаласында жолаушылар көлігі тасымалын жандандыру, жетілдіру және қала тұрғындарын қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Бұл бойынша аймақ басшысы да нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Осының аясында 2023 жылы қалаға 73 бірлік жаңа автобус жеткізілсе, биылдың өзінде олардың қатары 117 автобуспен толықты. Жыл соңына дейін қосымша 40 қоғамдық көлікті жеткізу жоспарда бар. Осылайша, осы жылға жоспарланған 70 автобус алу бойынша меже артығымен орындалмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.