Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тапсырма талабы — нәтиже

0 229

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен шаһар бюджетінің орындалуы және биылғы жылғы қорытынды болжамды көрсеткіші қаралды. Сондай-ақ қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, шаһар көшелерін қардан тазалау сынды мәселелер талқыға түсті.

Жиында ең әуелі қала әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Жеңіс Пәрімбеков сөз алып, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына шаһар бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы 108,4 пайызды құрағанын баян етті. Есепті кезеңге жоспар 45502,6 миллион теңге болса, орындалуы 49340,5 миллион теңгені құраған. Яғни, жоспар 3837,9 миллион теңгеге артық орындалған. Оның ішінде өзіндік кірістер жоспары 29238,3 миллион теңге болса, 3903,8 миллион теңгеге артығымен орындалып отыр. Қала әкімі өз кезегінде шаһар бюджеті жыл соңына дейін толықтай игерілуі қажеттігін жауапты мамандарға ескертті.

Келесі кезекте қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев 2023 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Атап айтсақ, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 121,0 миллард теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 303,9 мың шаршы метрді, құрылыс жұмыстарының көлемі 54,8 миллиард теңгені құраған. Өзге салалар бойынша да оң динамика сақталған.

Аппараттық кеңесте соңғы тәуліктерде жауған қардан қала көшелерін, саябақтар мен жаяу жүргіншілер жолын тазалау мәселесі де қаралып, тиісті мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.