Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Талибан» БҰҰ-ға кіруге өтініш білдірді

0 18  289

Ауғанстанда билікке келген «Талибан» қозғалысының үкіметі (Қазақстанда тыйым салынған) БҰҰ Бас Ассамблеясынан орын беруді сұрады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Талибан» өкілінің орынбасары Инамулла Самангани Twitter-де хабарлады.

Оның айтуынша, қазір Ауғанстан үкіметі мен халқының атынан жалғыз тәліптер өкілдік етеді және БҰҰ-дағы орын заң бойынша тәліптерге тиесілі. Ол БҰҰ-ны шешім қабылдарда дұрыстап ойлануға шақырды.

«БҰҰ-дағы орынды Ауғанстан үкіметі мен халқының атынан шешім қабылдай алмайтын өкілге беру әділетсіздік. Бұл орын Ауғанстан үкіметі мен халқының құқығы және бұл құқық сақталуы керек. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы шешімді  қайтадан байыппен қарауы қажет», — деді Самангани.

Тәліптердің мәлімдемесі БҰҰ Бас Ассамблеясы бір күн бұрын Ауғанстан мен Мьянманың әскери хунта билік ететін ұйымда кімнің өкіл болатыны туралы шешімді кейінге қалдырғанын естігеннен кейін жасалды.

Осылайша, бұл елдердің қазіргі елшілері билік ауысса да өз орындарында қалады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.