Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тал егу – тәрбие баспалдағы

0 485

Бүгін Наурызнаманың Жаңару күніне орай жамбылдықтар осынау игі іске барынша қатысуда. Сондай-ақ облыс орталығы мен барлық аудандарда экологиялық тазалық шаралары ұйымдастырылып, аулалар мен саябақтарды көгалдандыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Жалпы бұл бағыттағы шаралардың сапалы жалғасуы – маңызды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірдегі ормандарды молықтыру және молайту туралы кешенді жоспары аясында биыл 16540 га жерге 34,5 млн дана ағаш көшетін отырғызу жоспарланған.
Сонымен қатар елді мекендерді көгалдандыру мен жасыл аймақтар құрудың өңірлік жоспары бойынша облыстың елді мекендеріндегі 170,3 гектар аумаққа 200 мың түп түрлі ағаш көшеттерін егу көзделген.
Бұл тұрғыда жауаптылар құрылған жасыл желекті күтіп ұстауға барынша көңіл бөлуге тиіс. Сонда ғана еңбектің өнімділігі болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.