Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен қазақстандықтар сақтандыру төлемдерін ала алады

0 353

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тәртіпсіздіктер кезінде мүлкі бүлінген қазақстандықтарға, оның ішінде кәсіпкерлерге сақтандыру төлемдерін қалай алуға болатынын айтып берді,-деп хабарлайды “Jambyl -Taraz” ақпарат агенттігі kaz.orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда және еліміздің басқа да өңірлерінде орын алған лаңкестік әрекеттердің салдарынан халық та, кәсіпкерлік субъектілері де зардап шекті. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына, олардың мүлкіне зиян келтірілді. Кәсіпкерлер қыруар шығынға ұшырап, дүние-мүлкіне нұқсан келді.

Агенттік жасалған сақтандыру шартының болуы сақтанушы мен оның мүлкін тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз ететінін еске салды.

«Осылайша, егер азамат немесе кәсіпкер ерікті сақтандыру шартын жасаса және сақтандыру жағдайы орын алса, өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірген оқиға, ең алдымен, жасалған сақтандыру шартының талаптарын талдау қажет» делінген агенттік хабарламасында.

Шартта қандай оқиғалар сақтандыру жағдайы ретінде айқындалатынына, сақтандыру сомасының және сақтандыру төлемінің мөлшері қандай екеніне, қандай жағдайларда сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін алудан бас тартуға құқылы екеніне және шарттың басқа да маңызды талаптарын қарау керек.

Әрі қарай, егер сақтандыру шартында келтірілген залалдарды өтеу қарастырылған болса, сақтандыру төлемін алу үшін шарт жасасқан сақтандыру компаниясына хабарласу қажет. Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру ұйымына ұсынылуы тиіс құжаттардың тізбесі шартта айқындалады.

Сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан заңсыз бас тартқан жағдайда  8 (727) 382- 41-74 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.