Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қордай шекара бекетінде күмәнді құжаттармен Қырғызстан азаматы ұсталды

0 286

ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы жасырылған орынды тапты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан мәліметке сенсек, жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік иір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 14 қаңтарда «Қордай» автокөлік өткізу пунктінде жеңіл автокөлікпен келе жатқан Қырғызcтанның С. деген азаматы ұсталды. Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан 50 дана литерлік мөр, 4 дана шетелдік паспорт пен 20 дана банк картасы табылды. Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.

inform.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.