Президент сарайында салтанатты түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу шарасы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Түркияның Әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды. Қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен шағын құрамда келіссөзі басталды.