Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау – басты міндет

0 110

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты – экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру.

Бірыңғай бағдарлама төрт бағытты қамтиды. Атап айтқанда, бірінші моноқалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау, екінші экономиканың және өңдеу өнеркәсібінің басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салалық қолдау. Ал, үшінші-төртінші бағыттарда кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шаралар.
Осы ретте «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы және ағымдағы жылы ауданымызда атқарылатын жұмыстар туралы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Досжан Исмайловтан сұраған едік.
Досжан Исмайловтың айтуынша, өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа өндірістерді іске қосу бойынша биыл Қызыларық ауылдық округіне қарасты Сұрым ауылында «МОЛ ДАМУ» АШӨК-нің сүт өңдеу цехын іске қосу жобасы аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешіміне сәйкес тиісті ауылдық округ арқылы жер телімін алу бойынша аудандық жер қатынастары бөліміне жер комиссиясының қарауына ұсынылған. Егер жер телімін алуға оң шешім берілсе, сүт өңдеу цехы тұрақты 20 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарланып отырғанын айтады. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі артады.
«IMC Group» ЖШС мақсары майын өңдеу цехын Жетітөбе ауылдық округі аумағынан салуды көздеп отыр. Бүгінде Жамбыл облысының кәсіпкерлік басқармасына тиісті құжаттары тапсырылған.
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасын іске асыру аясында құрылған Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылында «Атамекен-Бастау» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің сүт өңдеу цехының жоба құны 50,0 миллион теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда жобаның құрылыс жұмыстары 50 пайызға аяқталған. Сонымен қатар, құрал-жабдықтарын алуға және жобаны іске асыруға қосымша қаражат қажет етеді, яғни қаржыландыру мәселесі «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қарауында.
Б.Момышұлы ауылынан жеке кәсіпкер «Ахмадбекова А.Ж.» 5000 басқа арналған құс фермасын салу жобасына «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымының, яғни электр желісі және газ жүйесін тарту үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.