Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркия президенті АҚШ, Франция, Германия мен тағы жеті мемлекеттік елшілерін елдеріне қайтармақ

0 371

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің Сыртқы істер министрлігіне АҚШ, Германия, Франция және тағы жеті елдің елшілерін мемлекеттеріне қайтаратынын  мәлімдеді. Себебі бұл елдер меценат және құқық қорғаушы Осман Каваланы босатуға шақырған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен сыртқы істер министріне қажетті тапсырма беріп, не істеу керектігін айттым, бұл он мемлекеттің елшісі Түркиядан кетуі керек», – дейді Ердоған.

АҚШ, Германия, Франция, Канада, Нидерланды, Дания, Швеция, Норвегия, Финляндия мен Жаңа Зеландия елшілері 18 қазанда бірлескен мәлімдеме жасап, құқық қорғаушы Осман Каваланы босатуға шақырды. Осыдан кейін олар бірден Түркия Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Айта кетсек,  64 жастағы Осман Кавала – кәсіпкер, филантроп және құқық қорғаушы, ол өз еліндегі бірқатар мәдени және адам құқықтары саласындағы жобаларды қаржыландырған. Ол түріктерді Түркиядағы армян және күрд диаспорасымен  татуластыру үшін ат салысқан.

2017 жылдың қарашасында Кавала 2013 жылы Стамбұлдағы Таксим алаңында наразылық акциясын ұйымдастырды және 2016 жылғы төңкеріс әрекетіне қатысқаны үшін айыпталды.

2020 жылдың ақпанында Каваланы 2013 жылғы наразылықтар бойынша сот ақтап шықты, бірақ ол түрмеден босатылмады, өйткені прокуратура оны басқа бап бойынша қамауға алуды талап етіп, кейін тыңшылық қатысы бар деп айыптады.

Кавала өткен аптада Франс-пресс  агенттігіне берген сұхбатында жиырма жыл бойы Түркияны басқарған Ердоған оппозиция қайраткерлерін шетелдік агент ретінде көрсетуге тырысатынын жеткізді.

2019 жылы Еуропаның адам құқықтары бойынша соты Каваланың қамауға алынуының саяси астары бар деп таныды. Осы жылдың қыркүйегінде Еуропалық Кеңес Түркияға Каваланы сотқа дейін босатуды талап етіп, желтоқсанға дейін уақыт берді. Әйткенмен, Еуропа Кеңесі Анкараға қатысты тәртіптік шара қолданамыз деп қорқытты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.