Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Түркістан» газетін оқып тұрамын» – Президент

0 116

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық арнаға берген сұхбатында мерзімді баспасөзді үзбей оқитыны туралы айтып берді деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Егемен Қазақстан», «Айқын», «Астана ақшамы» газеттерін оқимын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан» газеттерін де міндетті түрде оқып тұрамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін. Әлеуметтік желідегі өткір жазбаларды да үнемі шолып отырамын. Ал, теледидардан жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды көремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.