Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркіменстан президентіне үміткер ретінде Бердімұхамедовтың жалғыз ұлы ұсынылды

0 477

Дүйсенбі күні Түркіменстан демократиялық партиясының тоғызыншы кезектен тыс съезі премьер-министрдің орынбасары Сердар Бердімұхамедовты, қазіргі мемлекет басшысының ұлы Гурбангулы Бердімұхамедовты сайлауда Түрікменстан президенттігіне кандидат етіп ұсынды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайлау елде 12 наурызда өтеді, деп жазады РИА Новости @salamnews_rus түрікмен сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін Түрікменстанның қоғамдық ұйымдарының орталығында Түркіменстан Демократиялық партиясының кезектен тыс IX съезі өтті. Оның күн тәртібіне сәйкес, Түркіменстан президенті лауазымына Түркіменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедовтың кандидатурасы ұсынылды», – делінген хабарламада.

Сердар Бердімұхамедов – Түркіменстанның екінші және қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың жалғыз ұлы. Ол 1981 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген, отбасылы.

Айта кетейік ,бұған дейін сарапшылар БАҚ-қа 40 жастағы Сердар өз отанында және көрші елдерде әкесінің орнына мұрагер ретінде қабылданатынын мәлімдеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.