Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындарды не толғандырады?

0 391

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, ай сайын қала аумағындағы аумақтық округтерде көшпелі кездесулер ұйымдастырылуда. Сондай жүздесудің бірі №5 аумақтық округте өтті.

Әуелі округтің бас инспекторы Жарқын Жарықбасов былтыр атқарылған жұмыстар туралы кеңінен баяндады. Оның айтуынша, өткен жылы аумақта 2 аула абаттандырылып, 3 кіші футбол алаңшасына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ су желілері мен кәріз желілері ағымды жөндеуден өтіп, «Таразға тарту» жобасы аясында 10 аллея салынған. Бұдан бөлек, бірқатар көшелер жарықтандырылып, жөндеу жұмыстары жасалған.
Бұдан кейін Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил тұрғындар тілегіне құлақ түрді. Алқап тұрғындары атқарылған жұмыстарға алғысын білдіріп, шешімін табуы тиіс мәселелерді де қозғады. Атап айтқанда, қоқыс алаңшаларын орнату, балаларға арналған спорт алаңшаларын салу, арықтарға су жүргізу сынды мәселелер көтерілді.
Қайрат Әбілханұлы әрбір сауал назардан тыс қалмайтынын және барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Басқосу соңында Қайрат Исмаил азаматтарды жеке қабылдап, бөлім басшыларына заң аясында шешімін табуы тиіс сұрақтарды тез арада қолға алу керектігін тапсырды.
Кездесу барысында айтылған барлық мәселе бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жоспарлы атқарылатын болады.

Құралай Сейсенбекқызы 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.