Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл екі ауданның әкімі сайланады

0 118

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясында аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау мәселесі қаралды. Мәслихат депутаттары сайлауға қатысатын аудандар мен саяси науқанның күнін белгіледі.

Сессия отырысына қатысқан облыс әкімі күн тәртібіндегі мәселенің өңіріміздің өркендеуі үшін маңызы зор екендігіне жан-жақты тоқталып, алдағы саяси науқанға дайындықты күшейту керектігін ескертті.
– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау басталатындығы туралы айтып өтті. Бүгінгі сессияда сіздермен Президенттің осы саяси реформасын іске асырудың алғашқы қадамын жасамақпыз. Өңірде 121 аудандық маңызы бар қала, ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Жергілікті атқарушы органдармен сайлау комиссиялары сайлау өткізуде мол тәжірибе жинады. Менің ойымша аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың сайлауына толықтай дайынбыз, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Мұнан соң облыстық мәслихат депутаттары Мейрамбек Дөненбаев қанатқақты жоба бойынша Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің сайлауын, ал Керімқұл Бегалиев Жуалы ауданы әкімінің сайлауын ұсынды.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.