Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғын үй көмегін беру тәртібі

0 410

Құрметті қала тұрғындары!

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге KEZEKTE.KZ ақпараттық жүйесі арқылы өтінішті жолдайды. Өтінім өтініш берушінің ЭЦҚ кілтімен онлайн форматта беріледі. Қызметтің көрсетілу мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды және қызметтің көрсетілу нысаны электронды (ішінара автоматтандырылған) түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) өтініш;
2) әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтама ұсынады;
3) мынадай жағдайларда: отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтін болса, өтініш беруші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін ұсынады.
Қызметтің қорытындысы, яғни қызмет көрсетілгені немесе бас тартылғаны туралы ақпарат кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама әр азаматтың ұялы телефонына sms-хабарлама ретінде келіп түседі. Өтінім жауабы туралы толық ақпаратты Тараз қаласы, «Қарасу» шағынауданы, №24 «Д» мекенжайында орналасқан «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» КММ-не келіп немесе 54-02-55 телефонына хабарласу арқылы білуге болады.
Осы заңдарға сілтемені төменде көрсетілген Qr-кодты сканерлеу арқылы толық көре аласыздар.

А.Алимбетова,
Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.