Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғын алқаптарға ауызсу тартылып, бірқатар көшелер жөндеуден өтеді

0 329

Бүгін қала әкімінің басшылығымен кезекті  аппараттық кеңес  өткізілді. Басқосу барысында 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу конкурстарының өту барысы және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардьң бағаларын тұрақтандыру шаралары мен әлеуметтік дүкендердің жұмысы сараланды.

Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің  басшысы Ж.Ордабаевтың  баяндауынша биыл «Қызылабад», «Қарасай», «Шөлдала», «Казарма», «Құмшағал» тұрғын массивтерін, «28 саяжай», «Тектұрмас»  алқабын ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілмек.

Сонымен қатар Шостакович, Саңырақ батыр, Мәмбет батыр, Ташкент көшелерін күрделі жөндеу, 24 көшені орташа жөндеу жұмыстары, 123 көшеге көше жарығын орнату, 11 округке қоқыс шығаруға арналған 11 бірлік арнайы техникалармен қамтамасыз ету, Проекциялық бағдаршамдар орнату секілді жұмыстар жоспарланған.

Қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері тарапынан 9 сауда нүктесі («Магнум», «Small», «Смарт», «Дәмді себет», «Сафият», «Дәмдес», «Гаухар-Фиркан», «Нұрислам», «Алма»), 3 базар (Қайқармет, Ауыл Береке, Коммуналдық базар) және 13 әлеуметтік дүңгіршектерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

Әлеуметтік дүкендердегі баға 2021 жылғы 4-ші  тоқсандағы бекітілген шекті мәнімен салыстырғанда (2022 жылға шекті мәннің дайын болмауына байланысты) 3 позиция бойынша қымбат сатылуда. Атап айтқанда: өсімдік майы – 33 теңгеге немесе 6 пайызға (шекті мәні – 527 теңге), сәбіз – 3 теңгеге немесе 3 пайызға (шекті мәні – 97 теңге), қант – 12 теңгеге немесе 6 пайызға (шекті мәні – 208 теңге) жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр. Алайда, аталмыш жоғары көрсеткіштер  15 пайыздан аспайды.

Сонымен қатар, 2022 жылдың I тоқсанына шекті бағаны белгілеу Әділет департаментінде келісімге ұсынылды. Департаменттен шыққан соң, сол бекітілген шекті мәнмен мониторингтік жұмыстар жүргізілетін болады.

Шараны қорытындылағана шаһар басшысы жоспарланған жұмысты уақытылы әрі сапалы орындауды,әлеуметтік дүкендердегі баға тұрақтылығына назар салуды тапсырып, аталған жұмыстарды жеке қадағалайтынын атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.