Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұмаудан сақтаныңыз!

0 478

Күздің салқын кезеңінде маусымдық тұмау және басқа да вирустық инфекциялармен сырқаттанушылық деңгейі өсетіні белгілі. Тұмау, коронавирустық инфекция және басқа да жедел респираторлық вирустық індеттермен ауыратын адамдар саны жыл сайын көбеймесе, кемімей тұр. Бұл жұқпалы кеселдермен күресуге бағытталған іс-шараларға қарамастан, оларды жеңу мүмкін болмауда.

Жыл сайын мыңдаған адам тұмаудың асқынуынан қайтыс болатыны ақиқат. Себебі вирустар ең алдымен жұқпалардың құрылымын өзгерту қабілетіне ие және мутацияланған вирус адамға қайтадан әсер ете алады. Жедел респираторлық вирусты инфекциялармен ауырған адамның иммундық тосқауылы жақсы, бірақ соған қарамастан жаңа өзгертілген вирус ағзаға оңай ене алады. Өйткені организм жұқпаның осы түріне қарсы иммунитетті әлі дамытқан жоқ. Балалар мен қарт адамдар үшін ауру кезінде пайда болатын асқынулар олардың иммундық жүйесі осы вируспен әлі кездеспегендіктен, қауіпті болып саналады. Ал егде жастағы кісілер мен созылмалы аурулары бар адамдар үшін вирус иммундық жүйенің әлсіреуіне байланысты күшейеді. Инфекция ауру адамнан сау адамға түшкіру, жөтелу кезінде бөлінетін сілекейдің немесе шырыштың ең кішкентай тамшылары арқылы беріледі. Ауруды емдеу дәрігердің бақылауымен ғана жүзеге асырылады. Ол науқасты тексергеннен кейін ем-шаралар тағайындайды және басқа ұсыныстар береді. Науқас төсек режимін сақтап, толыққанды тамақтанып, көп сұйықтық ішуі керек.
Аурудың алғашқы күндерінде антибиотиктерді өздігінен қабылдау үлкен қателік болып табылады. Олар вирусты жеңе алмайды, сонымен қатар қалыпты микрофлораға теріс әсер етеді. Егер бактериялық инфекцияның қосылуынан туындаған асқынулар пайда болған жағдайда антибиотиктерді тек дәрігер тағайындайды. Асқынулардың алдын алу үшін бактерияға қарсы препараттарды қабылдау қауіпті және пайдасыз. Ауру адам үйде болып, басқаларға жұқтыру қаупін тудырмауы керек.
Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – жыл сайынғы вакцинация. Екпенің құрамы жыл сайын өзгеріп отырады. Ең алдымен қауіпті топқа кіретіндерге егілу ұсынылады. Ол үшін оңтайлы уақыт – қазан-қараша айлары. Тұмауға қарсы екпе 50 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және оның тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген.
Егер сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын бағалайтын болсаңыз, тұмауға қарсы вакцина алыңыз.

Әсет Қалиев,
облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.