Қалалық қоғамдық-саяси газет

Төле би – даналықтың шежіресі

0 561

«Білім» колледжінде Төле бидің туғанына 360 жыл толуына орай «Төле би – даналықтың шежіресі» тақырыбында студенттер арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Төле бидің даналығын дәріптеп, жастарға кеңінен насихаттау мақсатында өткен шараға 15 адам қатысып, бақ сынады.

Әуелі қазылар алқасының мүшесі, журналист Әкебай Ертайұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау барысында студенттер дала данышпанының шешендік сөздерін мәнерлеп жатқа оқыды.

Қазылар алқасының шешімімен «1ТОРиЭАТ – 23»  тобының студенті АспандиярҚұлахметов бас жүлдені иеленсе, «1ББ – 23» тобының студенті ЗаринаСерікбай 1-орынды, «2БҚ – 22»  тобының студенті АйжамалСаду мен  «2ББ – 22» тобының білім алушысы Медет Айдеке 2-орынды олжалады. Сондай-ақ  «1ББ – 23» тобының студенті ӘсемайТалғат және «1СТ – 23» тобынын студенті БайзақАлдаңғорға жүлделі үшінші орын бұйырды. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталды.

Әмина МҰСА

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.