Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сыңғырла, күміс қоңырау!

0 153

Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясында Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шараға облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев пен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысты.

Әуелі Абдалы Тоқбергенұлы сөз алып, ізгі тілегін жеткізді. Келесі кезекте шаһар басшысы көпшілікті мерекемен құттықтады.
Халқымызда «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген қанатты сөз бар. Расында, сапалы білім, саналы тәрбие болашағымызды баянды, келшегімізді кемел етеді.
Бүгінде елімізде білім саласына айрықша қолдау көрсетілуде. Жер-жерде бой көтерген еңселі оқу ордалары, мектептердің заман талабына сай материалдық-техникалық базасы – мұның барлығы балалардың сапалы біліммен қамтамасыз етілуі үшін жасалуда. Бұл тұрғыда қаламызда да ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2023-2024 оқу жылын қалада 209 білім мекемесі бастап отыр. Сондай-ақ шаһардағы 141 мың баланың 83 195-і мектеп жасындағы балғындар. Биыл 1 сыныптарға 7910 оқушы қабылданды.
Сонымен қатар 2022-2023 оқу жылын 2790 түлек бітіріп, оның 55-і Алтын белгі, 140-ы Үздік аттестат иегерлері атанса, түлектердің 60 пайызы мемлекеттік білім беру грантына қол жеткізді. Өткен оқу жылында оқушыларымыз бен ұстаздарымыз толағай табыстарға кенелді.
Мәселен, мектеп оқушылары республикалық, халықаралық ғылыми жоба мен пән олимпиадаларында 50 жүлделі орынды еншілесе, қаланың 6 мектебі Қазақстан Республикасы олимпиада мектептері рейтингісіне енгізілді. Оның ішінде Жамбыл атындағы №5 және №40 гимназиялар «Үздік олимпиада мектептері» тізімінен көрін- ді, – деген Бақытжан Әмірбекұлы ұстаз-дар мен оқушыларға жаңа оқу жылында табыс тіледі.
Бұдан кейін қала әкімі биыл мектепті тәмамдайтын түлектермен емен-жарқын әңгімелесті.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.