Қалалық қоғамдық-саяси газет

Су шаруашылығының шебері

0 149

Таудай талабы мен еңбегінің арқасында көркейген жандар арамызда аз емес. «Бақытын еңбектен тапқан жан» деп жатады халық даналығы мұндайда. Еңбекпен есейген сондай жандардың бірі Айдосов Қайрат Даулеткелдіұлы. Ол «Жамбыл су» мекемесінің ұңғымаларды пайдалану жөніндегі №1 өндірістік телімінің шебері.

Әрбір мамандықтың қиындығымен қатар қызықты тұсының болары анық. Мамандық таңдаудан жаңылыспау, жұмысыңды шын ниетпен, беріліп істеу аса маңызды. Бұл тұрғыда Қайрат Даулеткелдіұлы өзін өзгелерге үлгі ете алады.
Ол 1975 жылы 9 ақпанда қазіргі Абай облысы, Семей каласында дүниеге келген. Кейін отбасылық жағдайына байланысты Таразға қоныс аударып, осындағы Баумана орта мектебінде білім алады. Сол жылы жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндігі болмай «Горводаканал» мекемесіне 2-разрядты слесарь болып қабылданады.
Жұмысына сай білімін жетілдіруді көздеген ол 2011-2015 жылдары Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлтық техниқалық университетінде білім алады. Еңбекқорлығының арқасында қарапайым слесарьдан бастап шебер дәрежесіне дейін көтеріледі.
Әріптестері де Қайраттың еңбекке құмарлығын жоғары бағалайды.
– Біз Қайратты әрдайым мақтан тұтамыз. «Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін, жоқшылық деген жебірді жермен жексен ететін», – деп халқымыз айтқандай оның бойындағы кәсібіне адалдық, талпыныс, ізденімпаздық бірден көрініп тұрады. Барлығымыздан жұмысқа ерте келіп, кеш қайтады. Біз оның асыл қасиеттерін үнемі үлгі етіп отырамыз, – дейді әріптесі Азамат Рахимбаев.
Расында, Қайрат Даулеткелдіұлы секілді азаматтар тұрғанда ел еңсесі әрдайым биік болмақ.

Нұрперзент Туғанбай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.