Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бурылдықтардың қуанышы

0 68

Бүгінгі күні облыс орталығының қай шетіне барсаңыз да жол жөндеу жұмыстарын көзіңіз шалады. Әсіресе, талай жылдан бері жол игілігін сезінбеген алқаптар айрықша назарда.

«Бурыл» алқабы тұрғындарының да көптен бергі тілегі жол құрылысы болатын. Өйткені, бұл алқапқа халық қоныстанғалы бері бірде-бір асфальт төселмеген. Енді міне көптің қалауы орындалып, бірер күн бұрын «Бұрыл А,Б,В» тұрғын алқабына асфальт жол жабындысын төсеу жұмыстары басталған еді. Қазіргі құрылыс барысы көңіл қуантады. Бұл бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы толық әзірленген. Жобалаушы мекемесі – «Құрылыс инвест жоба» ЖШС.
«Арайстроймаркет-2003» ЖШС мердігерлігімен жалпы ұзындығы 33,7 шақырымды құрайтын 75 көшені асфальттау жоспарланған. Тұрғындар сұранысын ескере отырып, әуелі қоғамдық көлік қатынайтын көшелерге басымдық берілуде. Бүгінгі күні С.Шәкіров көшесіне 2 қабат асфальт төселіп, құдық қақпақтары қойылып, тиісті жұмыстар толығымен аяқталды. Ал Молдағалиев көшесінде құдық қақпақтары орнатылып, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жалғасуда. Осы аптаның аяғына дейін мұндағы жұмыстарды да толық тәмамдау көзделуде. Нысан басында 10 жұмысшы мен 15-ке жуық техника жұмыс істеуде.
Қалған жұмыстар 2024 жылы өз жалғасын табады. Құрылыс жұмыстары қала әкімі Бақытжан Орынбековтің жіті бақылауында.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.