Танымал тележүргізуші, сонымен қатар кәсіпкерлікті қатар алып жүрген Динара Сәтжан қандай бағадағы киім киетінін айтты, деп хабрлайды Экспресс К.
Ол Bokey арнасына берген сұхбатында үстіндегі киімдерінің бағасын айтты.
Киіп тұрған көйлегім — 500 мың теңге тұрады. Костюмнің бағасы 400 мың. Ал Италия брендіндегі туфли -300 мың теңге. Киім ілгіштегі ең қымбат киімім ол куртка. Оның бағасы — 1,5 миллион теңге, — дейді Динара Сәтжан.
Бұл видеоға пікір жазғандардың көбісі мұндай бағада киім алуға шамалары жоқ екендерін білдірген.
«Киімдеріңізді беріңізші, сатып Nexia көлігін алып алайын», «Шешіп көрсетпей, айтса болмай ма екен?», «Осындайды қашан қоямыз», «Мұның киімі кімге керек?», «Ақшаны қайдан алады», «Біздің киімдер 30 мыңның айналасында десек, күлетін шығар»,