Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Иттер парады». Қызылордада көшедегі бір топ бұралқы ит жұртты шошытты

0 247

Төрт аяқтылардың көптігі сонша көшені жауып тастаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Көшеде емін-еркін жүрген бір топ бұралқы иттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Көпшілік қалаға қарасты Тасбөгет кентінде иттер осылай топтасып жүретінін айтады. Сондықтан тұрғындар төрт аяқтылардың бірі қауып ала ма деп қорқамыз дейді.

«Тасбөгетте осылай жүреді. Балалар үшін қорқамыз»,» Мыналар қайда бара жатыр? Иттердің парады ма?»,» Осындай қаңғырған иттерге бір шара қолдану керек қой», — деп жазды желі қолданушылары.

 

Ал облыстық ветеринария басқармасындағылар қазір мұндай иесі жоқ үй жануарларын уақытша ұстайтын орын жоқ екенін айтады.

Бұралқы иттерді уақытша ұстау орындары шешілгенге дейін мектеп, балабақша айналасы, қоғамдық орындар басты назарға алынып, күнделікті аулау жұмыстары ұйымдастырылып жатыр,

— деп хабарлады жауапты басқарма өкілдері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.