Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұстазға мың тағзым

0 216

Оқушылар сарайында қалалық білім беру қызметкерлерінің «Ұстазға мың тағзым» тақырыбындағы салтанатты кеш жалғасын тапты.

– Осынау ұстаз атты қастерлі ұғым барша адамзат үшін қадірлі. Қоғамның ары мен ақылы саналатын ұстаз бүкіл халық құрметтейтін тарихы мол, ерекше кәсіп. Ұлы жол мектеп табалдырығынан басталады. Оған әр ұстаздың үлесі зор. Әрбір адамға, білім жолын ашқан мұғалімнің болашаққа жетелер ардақты ісі ол шәкірт тәрбиелеу. Осы еңбектері еленіп, Елі мен жеріне қызмет етер ұрпақ көбейіп, оларды биікке жетелейтін ұстаздар қауымының еңбегі елене берсін – деді шарада алғашқы болып сөз алған қала басшысы Бақытжан Орынбеков.

Жиын барысында ардагер педагогтар марапатталып, сонымен қатар, білім саласында ұзақ та нәтижелі еңбек етіп, сапалы білім беріп жүрген 15 мұғалімге министрліктің, қала әкімі және білім басқармасының Құрмет грамотасы табыс етілді. Жалпы атап айтсақ, қала мұғалімдері 3 халықаралық 13 республикалық, 33 облыстық конкурстарда және 2500 қашықтық байқауларда жүлделі орындарды иеленген.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.