Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атыраудағы алып адам қалындық іздейді

0 229

Атырау облысы Индер ауданы Құрылыс ауылында алып адам тұрады. Парасат Нұрғалиевтің  бойының биіктігі 2 метр 15 сантиметр болса,  салмағы 150 келі.  Ал  аяқ киімінің өлшемі – 56, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі

Ауылдағы ағайынның айтуынша,  Парасатқа лайықты киім мен аяқ киім табу қиынның қиыны екен. Сондықтан оған киімдерін  туысы тігіп беруде.  Бірақ аяқ киім мәселесі ауыр. Алпауыттың табанына киетін жалғыз аяқ киім резеңке шифер. Нәтижесінде қатты жауын  мен суықта Парасат көшеге шыға алмай қалатын күйге түскен.  Осы орайда оған  ауылдастары  көмектесуге бел буып, размерлі аяқ киімге тапсырыс берген.
Осы айда Парасат 27 жасқатолады. Бес ағасыныңүшеуіүйленген, әпкесітұрмыста. Өзінің де үйленуге ойы бар. Алайда Парасат салмағы мен талғамы келетін қалыңдықты әзірге таппауда.

Дедек Төлен 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.