Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Сізді анам жақсы көреді»: алматылық жанкүйер Роза Әлқожаға пәтер сыйлады

0 527

Халықаралық әйелдер күніне орай, «Ән салшы, Роза!» атты концерт беріп, елді қуантқан Роза Әлқожа ойламаған жерден баспаналы болды деп жазды turkystan.kz.

Мерекелік шара кезінде бейтаныс азамат сахнаға шығып, әншіге пәтер сыйлады. Бұл жағдай туралы концертке қатысқан журналист Әлия Құдайбергенова айтып берді. Ол Instagram-дағы парақшасына мерекелік кеш барысынан фото және видео жариялап, ерекше тосынсыйды да атап өтті.

«Розаға залдан бір көрермен жігіт жүгіріп шықты да: «Сізді анам жақсы көреді. Алматыдан мына пәтердің кілті сізге, шын жүректен!» дегенде, Розаны білмедім, біз шок болдық», – деді журналист.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.