Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шынның жүзі – Шераға

0 268

Қазақ баспасөзінің қарагері, ұлт жанашыры, мемлекет қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына биыл 88 жыл. Заңғар жазушының ұлт руханияты үшін жасаған еңбегі ерен. Бүгінде жамбылдық жас ақындар қайраткердің тағылымды ғұмырын ұлықтап, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған мүшәйрада жалынды жырларын оқыды.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы тікелей мұрындық болған «Шынның жүзі – Шераға» атты облыстық оnline жыр мүшәйрасы және бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі барлық карантиндік талаптар сақтала отырып, салтанатты түрде ұйымдастырылды.

Шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, шерхантанушы-ғалым, Тараз мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Көпбаева және бұқаралық ақпарат құралдары мен байқау жеңімпаздары қатысты.

Аталмыш екі байқау Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында өлең құдіреті арқылы туған жерге туын тіккен азамат, жазушы-журналист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өнегесін, өмірі мен шығармашылығын халық арасында, әсіресе, өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау-ды, тұлғасын ашып, үлгі көрсетуді мақсат етті.

Мүшәйра ережесіне сәйкес 15-30 жас аралығындағы облысымыздың ақындары Шерхан Мұртазаға арнауы мен Жамбыл облысының тарихи-табиғи келбетін жырға қосып, өзінің екі өлеңін үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегіне дейін байқауға үміткер ретінде 30 ақын өз өлеңдерін жолдады. Ақындардан келген үміткер жырлар жазбаша түрде арнайы құрылған әділ қазылардың назарына ұсынылып, жеңімпаздар анықталды.

Жыр мүшәйрасы бойынша бас жүл-де – 500 000 теңге көлемінде баспадан кітап шығарту сертификаты Жамбыл облыстық «Арай» газетінің мәдениет және әлеумет бөлімінің меңгерушісі Нұржан Қадірәліге, 1-орын – ноутбук, облыстық халық шығармашылығы орталығының бас редакторы Елдар Боранбекке, 2-орын – смартфон Мойынқұм аудандық әлеуметтік шектеулі балалармен жұмыс орталығының қызметкері Ақмарал Акбароваға, 3-орын– планшет Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының кіші ғылыми қызметкері Дидар Апбасовқа және Қаратау қаласының А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әсел Бұралқыға бұйырды.

Сонымен қатар жыр мүшәйрасына қатысып, жырлары ерекшеленген тағы 5 ақын ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Олар: Ғалия Абылай, Бауыржан Асқарұлы, Аида Ақылхан, Жәнібек Әміре, Ербол Елшатұлы.

Ал бейнероликтер байқауына өз материалдарын жолдаған 10 үміткердің үздігі әлеуметтік желідегі оқырмандар арасындағы бағалау арқылы анықталды. Нәтижесінде 1-орын – бейнекамера Гүлбайра Телбаеваның атынан келген Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің Төле би атындағы №8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ұжымдық жұмысына, 2-орын – ноутбук Фараби Арыстанбекке (Т.Рысқұлов ауданының Құлан мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), 3-орын – планшет Бауыржан Тәжімұратқа (Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы, «Мыңбұлақ» халық театрының қоюшы суретшісі), Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жаңыл Қарасаеваға бұйырды.

Сонымен қатар байқауды ұйымдастыру комитетінің арнайы тағайындаған ынталандыру сыйлықтарына Бектөбе ауылының Амангелді атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сәуле Майкенова, №30 мектеп-гимназиясының 7 «В» сынып оқушысы Нұрай Әуесхан, Юрий Гагарин атындағы №29 орта мектептің 11 «Б» сынып оқушысы Мерей Әсіл, Төле би атындағы №8 мектеп-гимназияның қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жанат Агибаева ие болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.