Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкенттік әйелден дәрігерлер жоқ органдарды анықтаған: Жапа шегуші олқылықтың орнын толтырсын дейді

0 974

Тәжірибелі журналист Динар Мұсаева қатерлі ісікпен үшінші жыл қатарынан күресіп келеді. Ол үш рет операция мен 18 химиотерапия курсынан өткен. Емдеу режимін түзету мақсатында әйел МРТ жасату үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жеке клиникаға жіберілген. Нәтижесіні науқасты таң қалдырған, деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігер Динардың үш бұрын алдырып тастаған жатыры мен аналық безін анықтап, қалыпты жұмыс жасап тұрғанын айтқан. Сонымен бірге, емханаға келген әйел қызметкерлерге жүргізілген операциялар мен тексерулер туралы бүкіл қағазды ұсынған.

«Қағазды алып оқығанда өз көзіме өзім сенбедім. Менде әйел жатыры мен аналық бездер алынып тасталған. Ал қағазда барлығы ойдағыдай жұмыс жасап тұр көрсетілген», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Динар Мұсаева.

Әйел ашулы жазбасын Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған. Содан кейін ғана оған емханадан хабарласып, жаңа тексеру нәтижелері берілген. Онда алынып тасталған мүшелер жоқ, алайда оның орнына ісік бар болып шығады.

«Жарты сағаттан кейін дәрігер маған тағы бір сипаттама жіберіп, әйелдер ісігі бар екенін айтты. Кеше-бүгін мен онкологиялық орталықта болдым, онда маған ешнәрсе жоқ екенін айтты, химиотерапиядан өттім, олар да мұндай ештеңе жоқ екенін жеткізді. Ал мен үш күн бойы ісік бар деп уайыммен жүрдім. Ол маған жатыр мойнын тез арада алып тастау үшін Алматыға баруды ұсынған болатын. Оның сипаттамасы бойынша мен өліп кетуім мүмкін еді», – дейді әйел.

Әйел сипаттаманы жасаған дәрігер алдыңғы пациенттің зерттеу нәтижелерін қате қолдануы мүмкін екенін болжайды. Ол жеке клиникаларда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы жіберілген пациенттер «ақылы» емделген науқастарға қарағанда нашар дәрежеде емделетініне сендіреді.

Динар Мұсаеваның жазбасының соңына медициналық сақтандыру қорының жауабы жазылған. Олардың айтуынша, науқастан қайтадан тексеруден өтуді сұраған. Алайда, әйел ешкім оған МРТ-дан екінші мәрте өтуді ұсынбағанын алға тартады.

«Мониторинг жалғасуда, науқасқа қойылатын сұрақтар бар, біз онымен қосымша сөйлесетін боламыз», – дейді Шымкент әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова.

Клиника өкілдерінің айтуынша, орнында жоқ органдар жарықтың сөнуіне байланысты табылған. Дәрігер тексеру нәтижесін жазып жатқанда, жарық сөніп қалған. Емхана директорының орынбасары медицина қызметкерлерінің тарапынан олқылық болмағанына сенімді.

«Кескіннің өзі дерекқорда бар, ол сақтаулы тұр, бірақ оның сипаттамасы электр қуатының үзілуіне байланысты жойылып кеткен. Оған жеке ісіне енетін қатаң сөгіс берілді», – дейді «Даумед» емханасы директорының орынбасары Зарина Точиева.

Медициналық сақтандыру қоры орын алған оқиғаны тексеріп жатқанын жеткізді. «Даумед» клиникасы жекеменшік болып табылады және ақылы қызмет көрсетеді, бірақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қаржыландырумен ол қалалық емханалардың бірінің емделушілеріне қызмет көрсетеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.