Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шудағы атыс неден шықты?

0 1  498

Шудан тағы шу шықты. Өткен жексенбіде жастар арасындағы атыс өңір тұрғындарының үрейін алды. Ауруханаға түскен төрт азаматтың бірі жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Ай-күннің аманында орын алған қылмысқа жауаптыларды іздеуге құқық қорғау саласының қызметкерлері күшейтілген режимде кіріскен.

Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, нәтижесінде күдіктілер қолға түсті. Олардан аңшы карабині мен екі қару тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалып отыр.
Оқиғаның екі белсенді қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалса, үшінші күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесіне сәйкес қамаққа алу туралы сұрақ қаралмақ. Сондай-ақ тағы бір күдіктіге қылмыстық қудалау органдарымен халықаралық іздеу жарияланып отыр.

Бұл – құзырлы органдар таратқан ресми мәлімдеме. Ал бейресми ақпаратқа сүйенсек, қарулы қақтығыс көкпар ойынынан кейінгі ерегістен туған көрінеді. Сөзге келіп қалған жастар үйінен қару алып келіп, бір-біріне атқан екен. Оқиғаның толық анық-қанығы тергеу амалдарынан кейін жарияланып, жауаптылар тиісті жазасын алар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.