Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шу ауданында радиация бар ма: Мамандар тексеріс нәтижелерімен бөлісті

0 398

Сарапшылар Жамбыл облысының Шу ауданындағы топырақ, су және ауа жағдайын тексерді. Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, радиациялық фонның артуы жоқ, ал барлық көрсеткіштер норма шегінде немесе нормадан әлдеқайда төмен. «Республикалық Радиологиялық Орталық» ЖШС мамандары «Қазақмыс» жергілікті тұрғындарға радиациялық зиян келтірмейді деген қорытынды жасады.

Республикалық денсаулық сақтау мен онкология және радиология институты мамандарының мәліметіне сәйкес, Жамбыл облысында жалпы онкологиялық аурулардың азаюы байқалады. Бұған 2015-2021 жылдар аралығындағы көрсеткіштер дәлел. Мәселен, 2015 жылы Жамбыл облысында 100 мың адамға шаққандағы қатерлі ісік ауруы 142,5 адамды құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 122,7 адамды құрап отыр. Сонымен қатар, соңғы 6 жылда өлім-жітім көрсеткіші де төмендеді.

Радиологиялық тексерудің жүргізілуіне «Қазақмыс» компаниясы бастамашы болды. Бұған дейін Шу ауданындағы мыс алпауытының кәсіпорындарында радиациялық фон шамадан асып кеткендігі және зиянды сәулелер жақын маңдағы елді мекендерге таралуы мүмкін екендігі туралы ақпарат пайда болған болатын. Мұның қаншалықты шындыққа жанасатынын  тәуелсіз сарапшылар анықтауы тиіс еді. Айта кетейік, тексеру кезінде олардың жанында әкімдік, «Қазақмыс», қоғам өкілдері, аудан депутаттары мен ақсақалдар болды.

Қалалардағы радиацияны өлшеу – «Қазақмыс» тобының тұрақты практикасы және тұрақты негізде жүргізіледі. Өйткені «Қазақмыс» –  әлеуметтік бағдарланған компания және өз қызметкерлерінің де, қатысатын өңірлер тұрғындарының да өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.