Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шу ауданында КВИ жұқтырғандар саны азаюда

0 312

Аудандағы COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы қалыпты. Коронавирус індетін емдеу және оқшаулау шараларын ұйымдастыру мақсатында жалпы – 120 төсек қоры жасақталған (Шу қаласында – 60, Аудандық орталық ауруханасында 60 – инфекиялық төсектер жасақталған). Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Covid-19–бен ауыратын науқастарды емдеу үшін қосымша резерв ретінде 20 инфекциялық, оның ішінде 2 реанимациялық төсек қоры ашылып, жұмылдырылатын болады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Аудан бойынша 11 мобильді бригада атқаруда. Автокөлікпен толық қамтылған. 2021 жылдың 25 қазанда Шу қаласы мен Аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде 17 науқас ем қабылдауда. Бүгінгі таңда ауданда медициналық ұйымдарда жеке қорғаныш құралдары бойынша жеткілікті қор бар. Медициналық мекемелердегі жеке қорғану құралдарының қоры таусылғанға дейін орта есеппен 2 айға жеткілікті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.