12 қаңтарда сағат 12:00-дегі жағдай бойынша шетелде 3 381 қазақстандық турист жүр, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі “Jambyl-Taraz” tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Туристік Қамқор» корпоративтік қорының мәліметінше, 12 қаңтардағы жағдай бойынша шетелде 3 381 қазақстандық турист жүр: 1 164 адам – БАӘ-де, 920 – Таиландта, 411 – Шри-Ланкада, 181 – Түркияда, 60 – Мальдивте.
«Туристік Қамқор» корпоративтік қорының төрайымы Инна Рейдың айтуынша, ТЖ жағдайы жарияланғаннан кейін де туристер Дубайға және Антальяға ұшып жатыр, сол себепті шетелдегі туристер саны азаймай жатқан болып көрінуі мүмкін. Осыған дейін нақты санын айту да қиын болды, өйткені жүйе дұрыс істемеді.
Шетелде қалып қойған туристер үйлеріне қайтып жатыр, 14 қаңтардан бастап олар кестеге сай ұшатын болады.