Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бір айдан аса уақыт комада жатқан қазақстандық журналист қайтыс болды

0 126

Ақтауда көлік қағып, бір айдан аса уақыт комада жатқан журналист Екатерина Панасян қайтыс болды, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Панасянның қазасын туыстары естіртті. «2022 жылдың 12 қаңтарында Катюшамыздың жүрегі соғуын тоқтатты», – деп жазды қыздың туыстары әлеуметтік желілерде.

Журналисті Ақтаудың 12-ықшамауданында көлік қағып кеткен. Оқиға 2 желтоқсанда болған. Басында жүргізуші жол жиегіндегі қоршауды соғып өтіп, тротуарға шығып кеткен, сосын қызды қаққан. Жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан басқа адамдар қауіпсіз жерге қашып үлгерген.

Дәрігерлер Екатеринаның жағдайын аса ауыр деп бағалаған. Алайда жол апатынан зардап шеккен ол бір айдан аса уақыт өткеннен кейін көз жұмды.

Екатерина 28-де еді, ерікті болған. Артында күйеуі мен екі жасар қызы қалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.